Екібастұзда 40-қа жуық ұсақ мал ұрлаған топ ұсталды

195

Күдікті төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екібастұзда 40-қа жуық ұсақ мал ұрлаған топ ұсталды Фото: POLISIA.KZ

Павлодар облысының Екібастұз өңірінде 40 басқа жуық ұсақ мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдіктілер бірнеше ай бойы жергілікті тұрғындардың малын жүйелі түрде ұрлап келген.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Олардың облыс тұрғындары екені белгілі болды. Тінту жүргізу кезінде төрт бас ұсақ мал және қылмыс жасауға пайдаланылған өзге де заттар табылып, тәркіленді, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Төрт күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар жедел уәкілдер олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу