Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде аталған қаланың әкімі Аян Бейсекин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда 40-тан астам үй салқын сусыз отыр. Кеше сусыз отырған үйлердің саны 56 болып еді. Бұл бағытта оң динамика байқалады. Әрине, бұл жағдай электр жүйелеріне салмақ түсіруде. Бұрын қала 30-32 мегаватт электр энергиясын тұтынса, қазір ол тәулігіне 48-55 мегаваттқа жетіп отыр. Электр желілеріне күш түсуінен бүгінгі таңда 11 үй жарықтан ажыратылды. Қазіргі таңда қалада жалпы 7 бригада жұмыс істеп жатыр", – деді Екібастұз қаласының әкімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу