Екібастұзда бірқатар мемлекеттік қызметшінің букмекерлік кеңселерде белсенді шоттары болғаны анықталды. Прокуратура дерегінше, олардың кейбірінің шот айналымы миллиондаған теңгеге жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 млн теңгені құраған.
Ұқсас заң бұзушылықтар ауылдық округ әкімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері тарапынан да анықталып отыр.
"Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша барлық құқықбұзушылық фактілері жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауға бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген прокуратура хабарламасында.