Бұл кеншілер шаһарындағы мұндай алғашқы кабинет. Білім ордасының директоры Құралай Рахметжанова STEM-зертханасында оқу төрт бағытта жүргізілетінін айтып өтті. Олар: инженерия, бағдарламалау, робототехника, 3D-модельдеу.
"Оқушылар заманауи технологияларды меңгеріп, робот, машина жасау және ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс жасауға мүмкіндік алды. "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында есігін айқара ашқан кабинеттің ашылуына "Еуроазияттық энергетикалық коопорациясы" АҚ демеушілік жасады", – деді Құралай Рахметжанова.
Айта кетейік, көп профильді №24 мектеп-гимназиясының іргетасы 1993 жылы қаланған. Қазіргі таңда мектепте 702 оқушы білім алады. Дарынды оқушылар роботехника конкурстарында жүлделі орындарға ие болып та үлгерген. Мәселен, өткен жылы аталмыш мектептің оқушылары қалалық фестивальде жеңіске жетіп, Қарағанды қаласында өткен республикалық жарыста бақтарын сынаған.