Қазіргі таңда бүкіл үйлердің жылу торабына, жертөлесіне жылу берілген. Ғимараттар арасындағы желілер мен жылу тораптары қалпына келтірілді. Алайда, әлі 11 көп қабатты үй мен 70 жеке үй тұрғындары жылусыз отыр. Себебі, ол пәтерлердің радиаторлары ауыстырылады.
Апатты жою үшін ірі кәсіпорындардың 500-ге жуық маманы тартылған. Әрбір үй бригадаларға бөлініп беріліп, ақаулар қалыпқа келтірілуде. Сонымен қатар, сумен жабдықтау жүйелеріне де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екібастұздың барлық білім беру мекемелері жылумен қамтамасыз етілген. Олар қалада жағдай қалыпқа келген кезде бұрынғы режимде жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу