Екібастұзда анасына балағат сөздер айтқан тұрғын қамауға алынды

620

Ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.  

Екібастұзда анасына балағат сөздер айтқан тұрғын қамауға алынды Фото: baq.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екібастұз қаласының тұрғыны сағат 22:50-де мас күйде 64 жастағы анасына балағат сөздер айтып, ішімдікке ақша талап еткен. 

34 жастағы ұлына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен (Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) әкімшілік материалдар толтырылды. Екібастұз қаласының әкімшілік соты материалдарды зерделеп, құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. 

"Осы жылдың 3 айында ғана учаскелік инспекторлары отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 136 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Отбасылық жанжалқорларға қатысты 333 қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 26 тұрғын жауапкершілікке тартылды. 60 бұзушыға ерекше талаптар қойылды", деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу