Екібастұзда автогаз құю бекетінен өрт шықты

340

Қызыл жалынның жақын маңдағы үйлерге тарау қаупі бар.

Екібастұзда автогаз құю бекетінен өрт шықты Фото: видео скриншот

Екібастұз қаласында  Қонаев 5 мекенжайында автокөліктерге автогаз  құю бекетінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 шілде, сағат 13:24-те Екібастұз қаласында Қонаев көшесі, 5 мекенжайында автокөліктерге газ құю бекетінен өрт шықты, 4 цистерна ашық жалынмен жанып жатыр. От жақын орналасқан "Феруза" азық-түлік дүкеніне ауысты.

Өрттің көрші ғимараттарға өту қаупі бар. Жеке үйлер жолдың арғы бетінде 100 м қашықтықта орналасқан. 

Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр. Мән-жай анықталуда, өртті сөндіру жалғасуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, өрт сағат 15-00-де ауыздықталды, сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу