Екібастұзда балабақшадан өрт шығып, 150 бала эвакуацияланды

246

Тілсіз жау №1 балабақшасында балалар тынығатын уақытта тұтанған.  

Екібастұзда балабақшадан өрт шығып, 150 бала эвакуацияланды Фото: Павлодар облыстық ТЖД

24 маусымда сағат 13:57-де балабақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама құтқарушыларға түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шықты. Кабинетте қысқа тұйықталу орын алғаны анықталды. Екі шаршы метр аумақта жиһаз өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын болдырмады, – деді департаментте.

Өрт сағат 14:17-де толықтай сөндірілді. Тәрбиешілер өрт сөндірушілер келгенге дейін 150 бала мен 36 қызметкерді эвакуациялады. ТЖД бөлімшелері қосымша 19 бала мен 2 қызметкерді эвакуациялап, қауіпсіз жерге алып шықты. 

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу