Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлікпен мұз астына түсіп кеткен

344

Қайғылы оқиға кеше кешке болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлікпен мұз астына түсіп кеткен Фото: Ақ Жайық

Көлік жағадан шамамен 700-800 метр жердегі мұз ойығына құлап түскен.

Оқиға Екібастұздың ГРЭС-2 стансасы аумағында, "Шандықсор" жасанды су қоймасында болған.

1978 және 1976 жылғы екі ер адам балық аулауға шығып, жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткен.

"22 наурыз күні сағат 20:33-те Екібастұз қаласы маңындағы "Шандықсор" су қоймасында екі адамның жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама тіркелді. Олар балық аулауға шыққан, жағадан шамамен 700-800 метр ұзағанда мұз ойылып, көлік су астына кеткен. Олардың Павлодар қаласынан келгендігі анықталды", - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Бүгін таңертең Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Құтқарушылар балықшылардың мүрделерін судан алып шықты.

Төтенше жағдай қызметкерлері қазір мұз өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу