Екібастұзда балықшы суға батып кетті

397

Ер адам 2 мамыр күні досымен бірге балық аулауға кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған.

Екібастұзда балықшы суға батып кетті Фото: Павлодар облысы ТЖД

Құтқару қызметіне Екібастұз қаласына қарасты Шиқылдақ ауылы маңында, академик Сәтбаев атындағы канал учаскесінде 1963 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жедел түрде Екібастұз қаласында орналасқан жедел-құтқару жасағының күштері жіберілген. Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен моторлы қайықты пайдалана отырып, су айдынын тексерді. Сондай-ақ жағалау бойында кинологиялық есептің қатысуымен іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған.

"Су айдынына әуеден мониторинг жүргізу барысында ұшу аппаратының көмегімен резеңке қайық табылды. Қайық маңынан, 5 метр тереңдіктен сүңгуірлер ер адамның мүрдесін алып шықты. Ол қайыққа құтқару кеудешесін кимей отырғаны анықталды. Марқұмның денесі Екібастұз қаласының полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу