Бауыржан Момышұлы мен Кеншілер көшелері қиылысында, яғни "Аққу клуб" мейрамханасы алдында Лениннің ескерткішінің тұрғаны жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып келді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары жұртшылық мұны социалистік қоғамның сарқыншағы деп бағалап, "күн көсемді" тұғырдан тайдыру туралы мәселені бірнеше мәрте көтерді. Алайда халықтың тілегіне бірде-бір басшы құлақ аспай, бұл істі қолға алатын адам табылмады.
Былтыр Бауыржан Момышұлы көшесіндегі асфальт жолды жөндеуге кіріскенде, батырдың еңселі ескерткіші бой көтеретіндігі жайлы сөз қозғалған еді.
Жақында жергілікті билік жағымды хабарды сүйіншілей жеткізді. Ленин ескерткіші басқа жерге көшірілетін болыпты. Енді сол көрнекті орынға ұлт қаһарманы, майдангер жазушы Бауыржан Момышұлы ескерткіші орнатылады.