Екібастұзда бір ай бұрын жоғалған ер адам табылды

490

Екібастұзда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.  

Екібастұзда бір ай бұрын жоғалған ер адам табылды Фото: aikyn.kz

Департамент мәліметінше, 31 қазанда полицияға жоғалып кеткен Алексей Рыковтың әйелі хабарласып, оның 15 қазанда жұмыс іздеп кеткеннен сол күйі үйіне оралмағанына айтып, көмек сұраған.

Облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ жақын өңірлерге хабарламалар жіберілді. Іздеу парағы Екібастұз қаласы мен өңірлік ауылдары бойынша жапсырылып, ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды. Полиция қызметкерлерімен бірге іздеу шарасына волонтерлер мен қала тұрғындары да белсенді қатысты.

"Біз күн сайын іздеуді жалғастырдық. Барлық нұсқалар бойынша жұмыстар пысықталды. Сауалнама кезінде туыстары оны бір айдан астам уақыт көрмегенін және бұрын да ешкімге хабар бермей, үйден кетіп қалатынын айтқан. Екібастұз қаласы ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Дәурен Қарашашев жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жерін анықтады", – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Белгілі болғандай, Алексей Рыков Екібастұз қаласынан 58 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде ағаш ұстасы болып жұмыс істеп жүрген. Ол өңір бойынша жүріп, түрлі жұмыстар істеген. Оның өзінде ұялы телефоны болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу