Екібастұзда екі қабатты үй өртке оранды. 30 адам эвакуацияланды, оның жетеуі – балалар, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт әлі толықтай сөндірілген жоқ.
"27 сәуір күні сағат 17:57-де Мәшһүр Жүсіп, 2 мекенжайындағы екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанды (аумағы анықталып жатыр). Өрттің таралуы тоқтатылған жоқ және жойылған жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
Оқиға орнынан ТЖД (жеке құрамның 22 адамы 6 техника) және өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 30 адамды, соның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығарды", - делінген Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.
Сонымен қатар, шатыры өртенген екіқабатты ғимарат ішінен өрт сөндірушілер 6 газ баллонын сыртқа алып шықты.