Екібастұзда электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты тергеу басталды

558

Компания сенімсіз кәсіпорындармен мәмілелер жасады деген күдік бар.

Екібастұзда электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты тергеу басталды

Екібастұз қаласында электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты бағаны заңсыз өсіру фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар. Бұл, өз кезегінде, көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін", – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу