Өндіріс іске қосылса 1000-нан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Зауыттың алғашқы капсуласын салу рәсіміне Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысты. Жаңа зауыт 2028 жылы іске қосылып, мұнда жылына 1 млн тоннаға дейін болат өндіріледі.
Алдағы үш жылда кәсіпорынға 500 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылмақ. Бұл Екібастұзды моноқаладан экономикасы тұрақты дамыған қала дәрежесіне көтереді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу