Екібастұзда емделуші мен 2 досы медицина қызметкерлерін ұрып-соққан

Қазір күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Екібастұзда емделуші мен 2 досы медицина қызметкерлерін ұрып-соққан Фото: Бейнежазбадан

Полиция дәрігер мен мейірбикенің түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға 12 сәуір күні болған. Екібастұз қаласындағы травматологиялық пунктке жергілікті тұрғын медициналық көмекке жүгінеді. Онымен бірге ішімдікке сылқия тойған қос досы келген. Олар өзін өте агрессивті ұстап, медицина қызметкерлерінің ескертуіне еш құлақ аспаған. 

– Бөлмеден шығудан бас тартқан олар дәрігерге жұдырық жұмсаған. Араша түспек болған мейірбике де соққыға жығылып, дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі медицина қызметкері де алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті. 

Дәрігер мен мейірбикені соққыға жыққан 3 дос ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу