Екібастұзда ер адам қайтыс болды – әкімдік

511

Екібастұзда ер адам өз үйінде қайтыс болды.   

Екібастұзда ер адам қайтыс болды – әкімдік Фото: Константин Шелков

Мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппады, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұзда пәтерде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp-тағы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп болмағанын түсіндірді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.

Жедел жәрдем станциясы сағат 17:32-де Екібастұз қаласында пәтерде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлады.

"Медицина қызметкерлері 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады", – деді станцияның баспасөз қызметі.

Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу