26 ақпан күні Екібастұзда трактор көмір разрезінің аумағында аударылып, жұмысшы қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Екібастұздағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 доңғалақты тракторды басқара отырып, разрез аумағының ішіне түсу кезінде аударылып кеткен. Алған дене жарақаттары салдарынан қызметкер оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу