Екібастұзда есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

521

Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Екібастұзда есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды Фото: gov.kz

Екібастұзда есірткілік мас күйде көлік басқарған азамат 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 сәуірде сағат 20.00 шамасында М.Әуезов көшесінде есірткі қабылдап, масаң күйде болған 37 жастағы жүргізушінің басқаруымен Mercedes-Benz көлігі тоқтатылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші куәлігі алынды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынғандар үшін арналған арнайы қабылдау орнына 15 тәулікке орналастырылды.

– Сонымен қатар полицейлер сотқа 28 материал жіберді, олар ресми тыйым салынғанына қарамастан, қайтадан мас күйінде көлік тізгіндеген. Олардың алкогольге, сондай-ақ тыйым салынған заттарға деген қызығушылығы салдарынан көлік жүргізу құқығынан біржола айырылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік қызмет ротасының командирі Фаруз Күсембеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу