Екібастұз қаласында дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, екі адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
"Мәшһүр Жүсіп 77а мекенжайында орналасқан "Пятница" дәмханасында сыйымдылығы 200 мл газ баллоны жарылды. 1979 жылы туған ер адамның беті мен екі қолын, сондай-ақ 1993 жылы туған жас жігіттің де бетін күйік шалды. Екеуі де дәмхана қызметкерлері. Төтенше жағдай жексенбі күні 16:44 уақытында орын алған. Оқыс жағдайдың себебі мен шығыны анықталуда", – деді баспасөз қызметкері.
Айта кетейік, зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетілді, алайда олар ауруханаға жатудан бас тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу