Екібастұзда қаланы жылумен қамту бойынша жедел штаб отырысын өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ресми парақшасында жазды.
"ЖЭО-ың жабдықтары мен коммуникацияларының қалай жөнделіп жатқанын тексердім. Станция 6 қазандықтың жұмысын қамтамасыз етуде, желілерде қалған 9 зақымдануды (3 - аулаішілік, 6 - магистральдық) қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. 40% аумақ жөндеуден кейін қалпына келтірілді. Келесі аптада темірбетон науаларын орнатуды қажет ететін ең күрделі учаскелерді топырақпен толтырып бастау керек", – деп жазды өңір басшысы.
ЖЭО алдағы ауқымды жөндеу науқанына дайындалуда. Көктемде станцияда 5 су жылыту және 3 энергетикалық қазандық агрегаттарын қайта жаңартылады. Қазір ЖСҚ әзірленіп жатыр.
"Қазіргі кездегі негізгі міндет - қаланы жылумен жабдықтауды тоқтатуға жол бермеу және оны мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру", – деді аймақ басшысы.