Өңірдегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде ер адамның көппәтерлі үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап жүргені жайлы видео жарияланған.
Кейін полиция 33 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"Екібастұз тұрғыны ұсталды. Оның қолында болған бір атар тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 16 калибрлі екі патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жолданды. Сараптама нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Тәртіп сақшылары ер адамның мас болғанын, оның есін жиғанға дейін айықтырғыш мекемеге жатқызылғанын атап өтті.