Екібастұзда қоқысты өңдейтін мобильді іріктеу желісі іске қосылды

1308

Желінің қоқыс өңдеу қуаттылығы жылына 35-тен 50 мың тоннаға дейін  жетеді.

Екібастұзда қоқысты өңдейтін мобильді іріктеу желісі іске қосылды

Полигонның аумағында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша орналастырылған құрылғыда пластик, қағаз және шыны да өңделеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов болды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, желінің қоқыс өңдеу қуаттылығы жылына 35-тен 50 мың тоннаға дейін  жетеді.

"Біз екінші кезектегі шикізатты өңдейміз. Өңдеуге кетпейтін нәрсе пештерде жағылады", – дейді "Полигон" шаруашылық құқығы негізіндегі кәсіпорынның директоры Қуандық Өтегенов.

Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, құрылғыны қолданысқа енгізу қоқыс шығару қызметі үшін тарифтерді тұрғындар үшін 5 пайызға азайтуға мүмкіндік берген. Қала басшылығы ендігі қоқысты жеке жинау үшін 200 еуроконтейнер сатып алған.

Бұдан кейін өңір басшысы биылғы жылдың қаңтар айының ортасында Екібастұз қалалық сотының фронт-офисін аралады. Тұрғындармен жұмыс жөніндегі орталықта әрі қарай өңдеу үшін ақпарат енгізіледі. Әртүрлі мемлекеттік органдармен байланыс, клиенттерге ақпарат жіберу, яғни, тұрғындармен байланыс бойынша жұмыс жүргізіледі.  Бүгінгі таңда фронт-офиске 800-ден астам адам жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу