Екібастұзда көмір өндірісінің көлемі қысқартылады

942

Өңір басшылығы қала экономикасын отын-энергетикасына тәуелділігін төмендету үшін инновациялық технологиялар қолдануды көздеп отыр. 

Екібастұзда көмір өндірісінің көлемі қысқартылады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспарына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, қаланың индустриялық аймағында жалпы құны 227,5 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар қолға алынбақ. 

"Қазір қалада энергия блоктарын жаңғырту жобасы жедел жүргізіліп жатыр. Бұл Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарының бір бөлігі. Кешенді жоспарды әзірлеуге тәуелсіз мамандар қатысты. 1,5 мыңнан аса ұсыныс түсті, 100-ден аса кеңес өтті. Өткен демалыс күндері бизнес-қоғамдастықпен, шаһардағы қоғам белсенділерімен пікір алмастық", – деген облыс әкімі қаланың отын энергетикасына тәуелділігін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сөз қозғады. 

"Екібастұзды дамыту жоспарының негізгі мақсаттарының бірі – қала экономикасын отын-энергетикасына тәуелділігін төмендету. Ол үшін көмір өндірісін төмендетіп, инновациялық технологияларға көшу керек. Сонымен қатар өңірде өңдеу саласының үлесін ұлғайту маңызды. Осы мақсаттағы жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттің жеке инвесторларды тартуды жоспарлап отырмыз", – деді облыс басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу