Екібастұзда көмір тиелген жүк пойызы аударылды

444

Оқиғаның себептерін зерттеу жөнінде комиссия құрылады.  

Екібастұзда көмір тиелген жүк пойызы аударылды Фото: pavlodarnews.kz

Жүк пойызы аударылған видео әлеуметтік желіде тарады. Роликтің астында "Екібастұз – "Богатырь көмірде" жүк тиелген  пойыз аударылып кетті" деп жазылған.

Видео кадрларынан бірнеше зақымдалған вагон мен олардан темір жол рельстеріне көмір түсіп жатқанын көруге болады. Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында бұл жағдайдың 28 наурызда күндіз сағат бірде болғанын хабарлады.

–  "Промсервис-Отан" ЖШС айналма жолында сегіз вагон аударылды. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомствода.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу