Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 41 жастағы тұрғынның денесі 2 тамыз күні табылған, деп жазады inbusiness.kz pavon.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, ер адам пәтерлердің бірінде танысымен ішімдік ішкен. Отырыс кезінде олардың арасында өзара кикілжің болып, араққа масайған біреуі екіншісіне пышақ ала жүгірген.
"Осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 57 жастағы ер адамды анықтап, ұстады", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясында 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.