Екібастұзда жылу желісіндегі апат салдарынан 10 жасар оқушының күйік алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады", – делінген хабарламада.
Жансақтау бөлімінде жатқан балаға медициналық көмек көрсетілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу