Екібастұзда магистральдық және блокішілік жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілген кезде субұрқақтан ыстық су атқылаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап.
27 мамырда Екібастұздағы жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығы тексерілді. Сол кезде қауырт жағдай орын алып, көшелердің бірінде субұрқақ атқылаған.
Оқиға куәгерлері видеоны түсіріп, желіге жариялады.
"Екібастұз жылу желілері" кәсіпорны аталған жағдайға түсініктеме берді.
"Іске қосу кезінде 426 диаметрлі жылу желісінің зақымданғаны анықталды. Қазіргі уақытта залал шешіліп, судың ағуы тоқтады. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді "Екібастұз жылу желілері" кәсіпорнының директоры Евгений Банченко.