Ер адамның денесі Екібастұздағы №13 орта мектептің стадионынан табылды. Полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болған адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ер адамның өліміне қатысы болуы мүмкін жағдайлар анықталып жатыр. Өлімге не себеп болғаны тергеп-тексеру шараларынан соң белгілі болады, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу