"Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС жабдықтарды жөндеу кезінде кіріс әкелетін қызметке қатысы жоқ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сомаларды шегерімге жатқызған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нәтижесінде 421 миллион теңге көлемінде салық төленбеген.
Сондай-ақ, "Қазақстандық вагон жасау компаниясы" ЖШС-нің қызметінде өнімді өткізу айналымының төмендегені анықталып, бұл да бюджетке түсетін түсімге кері әсер еткен. Төленбеген салық сомасы 550 миллион теңгеден асқан.
Қадағалау актісі негізінде салық органдары камералдық бақылау жүргізіп, салық төлеушілердің қатысуымен әкімшілік тыңдаулар ұйымдастырылған.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде анықталған барлық бұзушылықтар жойылып, кәсіпорындар салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, жетіспейтін сома толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылғаны айтылды.