19 қазанда сағат 02:57-де шұғыл байланыс желісіне Екібастұз қаласында монша кешені отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Оқиға орнына 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 20 адам аттанды.
"Бір қабатты кірпіштен жасалған "Оазис" монша кешенінде шатырдың ағаш конструкциялары, 1-ші және 2-ші қанатындағы бу бөлмесі мен демалыс бөлмелерінде, сондай-ақ жалпы ауданы 297 шаршы метрді құрайтын ішкі қаптамалар мен жиһаздар отқа оранғаны белгілі болды", - дейді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер өртті сағат 04:02-де ауыздықтап, 04:42-де толығымен сөндірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу