Екібастұзда өнеркәсіптік биткойн өндірілуде

1061

Кеншілер шаһарындағы майнингтік орталық америкалық инвестицияға ашылған.

Екібастұзда өнеркәсіптік биткойн өндірілуде

Қазір әлемде қолға ұсталмайтын, көзге көрінбейтін ақшаға басымдық беріле бастады. Виртуалды әлемде сырт-сырт саналатын осындай валюта түрі бүгінде Екібастұз өңірінде де өндірілуде, деп хабарлайды abctv.kz.

"Криптовалютаның түр-түрі бар. Соның бірі – биткойн. Оны өндіру үшін қандай да бір материалдың яки металдың қажеті жоқ. Бастысы электр қуаты жеткізіліп тұрса болды", – дейді Екібастұздағы майнингтік орталықтың өкілі Әнуар Сәрсенов.  

Екібастұздықтар өнеркәсіптік биткойн өндірісін осыдан екі ай бұрын іске қосыпты. Майнингтік орталық америкалық инвестицияға ашылған.

Орталық мамандарының сөзінше, инвесторларды Павлодар облысындағы арзан электр энергиясы қызықтырады екен.

"Себебі мұндай валютаны сақтау үшін күні-түні электр қуаты бір үзілмеуге тиіс. Елімізде криптовалюта шығару өзекті болып келе жатыр. Ал электр энергиясының елімізде ішкі сұранысты бірнеше есе орайтынын ескерсек, мұндай өндіріс орындары қажет-ақ. Яғни, артық электр қуатын қажетке жаратып, қазынаға қаржы түсіруге мүмкіндік бар", – дейді Әнуар Сәрсенов.   

Бүгінде орталық 15 МВт электр қуатын тұтынып отыр. Кәсіпорында 16 адам жұмыс істейді. Барлығы Қытайда білім алып келген. Орталыққа Қытай құрал-жабдықтары жеткізіліпті. Ол жабдықта арнайы математикалық теңдеулер есептеліп тұрады. Бұл саланың білгірлері биржаны бақылап отырып виртуалды әмияндағы биткойндарды қолайлы сәтте сатып жібереді. Осылайша, кіріс көреді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу