Екібастұзда орталық жылу желісі сынаққа шыдамады

423

Гидравликалық сынақ кезінде орталық құбыр желісінде апат болып үш отбасы зардап шекті. 

Екібастұзда орталық жылу желісі сынаққа шыдамады

Екібастұзда жылу желілері сынаққа шыдамай жарылып жатыр. Гидравликалық сынақ кезінде орталық құбыр желісінде апат болып үш отбасы зардап шекті. Абырой болғанда адамдар аман. Қазір қалада жылу желілерін жамау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ал, тұрғындар болса былтырғы қыс қайталана ма деп қауіптенеді.

Биылғы жылыту маусымы алдында басты үш жылу магистраліне сынақ жасалған. Алайда, қысымға құбырлар шыдас бермеді.

Сынаққа шыдамай диаметрі 800 миллиметр болатын орталық жылу магистарлі міне жарылып кеткен. Теріскейде күннің тез суытатынын білесіздер. Әне-міне дегенше қыс та түсіп қалады. Ал, мына жердегі жөндеу жұмыстарының қашан аяқталары әзірге белгісіз.

Жаңадан жарылған құбырларды айтпағанда былтырғы апат орны әлі толық қалпына келтірілген жоқ. Көктемнен бері жасалып жатқан жұмыстардың осы күнге дейін аяқталмауы тұрғындардың көңіліне күдік ұялатады. Кейбіреулері қысқа жылы жамылғыларын қазірден сайлап алған.

"Біз мына Казгидрометтің болжамдарына сүйеніп нақты жоспарлар құрдық. Сондықтан, 30 қыркүйекте барлық жұмыстар толығымен аяқталады мына магистралдық желілер бойынша промывка мен опрессовкасымен. Одан кейін бірінші қыркүйекте біз жылыту маусымын...Бірінші қазанда кешіріңіздер жылыту маусымын бастайтын боламыз", - дейді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Қысқасы қазанға дейін күн оқыс суытса Қазгидромет кінәлі болмақ. Ал айыптының анықталғаны тұрғындарға жылу сыйламасы анық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу