Екібастұздың Тай ауылында пастереллез ауруына шалдыққан 50-дей ірі қара мал өліп қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, паталогиялық материалдар арқылы тексеруден кейін жануарларға пастереллез деген диагноз қойылған. Айтуларынша аталмыш сырқаттың адамдарға қаупі жоқ.
"Қазіргі таңда ветеринарлық дәрігерлер сырқаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында аталмыш ауылда күндіз-түні жұмыс істеуде. Мамандар ауырған малдардан симптоматикалық терапияны тексеруді бастады. Жалпы, қара малға жұғатын мұндай дерт бұған дейін облыста 2010 жылы тіркелген", – дейді басқарма мамандары.
Айта кетейік, Екібастұз қаласына қарасты Тай ауылында 200–ден астам ірі қыры мал бар. Ал, өлген 50 бас малдың 16-сы сол өңірдегі "Гриценко" шаруа қожалығына тиесілі.