Екібастұзда Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Әуезов көшесі, 24-ші үй мекенжайындағы пәтерден есігін бұзып кіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пәтер ішінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі (аяқ-қолдарының жоғарғы және төменгі жақтары кесілген) табылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
– Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деп хабарлады Полиция департаментінен.
Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.