24 сәуірде Екібастұзда еріген суларда, Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.
"Қаңқалы мәйітте: "Челси" футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.
Қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз:
-Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. -Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.
Немесе 102 телефоны бойынша.
Анонимділікке кепілдік беріледі!", делінген полиция хабарламасында.