Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Жедел қызметкерлер қаладан тыс шығып кеткелі жатқан күдіктілерді сапаржайдың дәл көлік тұрағынан ұстады. Гастрольшілер – 39, 48 жастағы екі ер адам қаладағы сауда орталықтарының бірінен ұрлық жасады деген күдікке ілінді", – дейді департаментте.
Ұсталған кезде полицейлердің анықтауы бойынша сипаттамасы ұрланған сақинаға ұқсайтын бір алтын бұйым – сақина алынды, екінші бұйымды қаскөйлер ломбардқа тапсырып жіберген, одан да заттай айғақтар алынды.
Аталмыш фактіге қатысты қазіргі уақытта "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде