Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып құлады

187

"Maxi Mall" сауда орталығындағы оқыс оқиғадан 5 адам зардап шеккен.

Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып құлады Фото: instagram.com/ekibas_v_teme

Бұл туралы Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"5 адам Екібастұз қалалық ауруханасына өз бетінше жүгінген. Олардың ішінде 2008, 2009 жылдары туған 3 бала бар. Зардап шеккендерді ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Дәрігерлер қарап, алған жарақаттарына амбулаториялық ем тағайындалды", – делінген хабарламада.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін сауда үйі жабылғанын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу