Екібастұзда шахтерлер төл мерекесін атап өтті

944

Екібастұзда шахтерлер төл мерекесін атап өтті

Ертіс өңірінің кеншілері кәсіби мерекелерінің қарсаңында өткен жылғыдан 5,5 пайыз артық көмір өндіріп, 30,8 миллион тоннадан асырып жақсы көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шахтер күніне орай екібастұздық мәдениет орталығында салтанатты кездесу өтті. Кездесу қонақтары кен орындарында жұмыс жасайтын жүздеген кеншілер болды. Олардың арасында "Шығыс" кенішінде 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Ришат Әміренов те бар.  

"Осы жылдар аралығында отбасымызда кеншілер әулеті қалыптасып үлгерді, - деді Ришат Әміренов. – Менімен бірге екі ұлым, екі қызым мен екі күйеу балам жұмыс жасайды. Әрқайсымыз үшін Шахтер күні жылдағы басты мерекелердің бірі болып саналады.

Кеншілерді кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Болат Бақауов та құттықтады. Облыс басшысы  өңіріміз көмір бойынша еліміздің ішкі экономикадағы қажеттіліктерін толық қамтамасыз етумен қатар, экспорттың да жоғарғы деңгейіне ие екенін атап өтті.

"Сіздердің мамандықтарыңыз өңіріміз үшін қашан да қажетті, әрі маңызды болып келді және солай қала береді, – деді мереке себепкерлеріне Болат Бақауов. – Шахтерлердің еңбегінің арқасында өндіріс орындары мен тасымал жұмыс жасап, ал, үйімізге жылу келіп тұр. Кеншілер жан аямай еңбек ету арқылы Екібастұздың көмір кәсіпорынының шежіресіне өз есімдерін жазуда. Сіздердің даңқты еңбектеріңіз бар ынтамен берілудің және игіліктің үлгісі болып қалады. Батылдық, күш және жігерлілік – шахтер мамандығын таңдаған адамдардың өзгелерден айырмашылығы".

Мерекеге орай көмір өндірісінде көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды. Шараны Әлішер Кәрімов пен Диана Шарапова және Екібастұз әншілері мен бишілері қатысқан мерекелік концерт аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу