Екібастұзда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі анықталды

445

Еңбек мигранттарын жалдаушыға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Екібастұзда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі анықталды Фото: Polisia.kz

Екібастұз қаласының ПБ көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактісін тоқтатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, Өзбекстан Республикасының алты азаматы мен Әзірбайжан Республикасының бір азаматы қала нысандарының бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған.

"Құжаттарды тексеру олардың біреуінің біздің елде тіркелу мерзімі өтіп кеткенін, оған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, қалған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Барлық материалдар қарастырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Еңбек мигранттарын жалдаушыға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр", деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу