Шараны Екібастұз қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығы және "Кенжекөл жастары" қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Арнайы оқу Екібастұз қаласындағы №23 орта мектептің базасында өтті.
"Екібастұзда пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз 270-тен астам сотталған тұр. Бұл оқуға 29 жасқа дейінгі 20-ға жуық адам қатысты. Біз "Кенжекөл жастары" бірлестігі мен қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығыгығ басшыларына алғыс білдіреміз", – деді Екібастұз қаласы пробация қызметінің бастығы Лаура Суханова.