Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 2009 жылы туған жеткіншектің мүрдесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылардың мәліметінше, жасөспірімнің денесі оқиға орнынан шамамен 500 метр жерден табылған.
"Баланың денесін құтқарушылар 8 шілде күні таңертеңгілік тапты. Бала Шандақсор жасанды көлінің тыйым салынған жерінде шомылып жүріп суға кеткен", – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу