Екібастұзда тойға келген қонақтар тамақтан уланды

192

Ауруханаға жалпы саны 32 адам қаралған.

Екібастұзда тойға келген қонақтар тамақтан уланды Фото: inbusiness.kz

Олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"2024 жылғы 14 сәуірден бері Екібастұздағы қалалық ауруханаға пациенттер тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілерімен жаппай келе бастаған. Олардың бойында құсу, әлсіздіктің дендеуі, іш құрылысының ауыруы, дене қызуының көтерілуі белгілері бар. Эпидемиологиялық анамнезді жиыстыра келгенде олардың барлығы 13 сәуір күні Екібастұз қаласындағы әлдебір дәмханада өткен шарада қонақ болғаны анықталды. Пациенттер қабылдау бөлімінде қаралудан өткен соң барлығына шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп (асқазандары шайылды), жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. 14 сәуірден бері ауруханаға осындай диагнозбен жалпы саны 32 адам келген", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, емдеу ұйымына қаралған 32 адамның төртеуі ауруханаға жатудан өз еркімен бас тартқан. Өзгелері қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы орташа ауыр делініп отыр.

Ekibasvteme телеграм арнасының хабарлауынша, 13 сәуір күні "Grand Hall" мейрамханасында өткен қыз ұзату тойына 200-ден астам қонақ қатысқан. Олардың көбі Қарағанды, Астана, Павлодар және Ақсу қалаларынан келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу