Екібастұзда үш жасар қыз қайнап тұрған суға күйіп көз жұмды

244

Екібастұзда үш жасар қыз баланың үстіне абайсызда ыстық су төгілді.

Екібастұзда үш жасар қыз қайнап тұрған суға күйіп көз жұмды Фото: top-news.kz

Сәбиді қатты күйік шалған, алайда ата-анасы жедел жәрдемді тек 12 сағаттан кейін ғана шақырды.  Оқиға орнына келген дәрігерлер үш жасар қыздың қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

103 қызметіне қоңырау 30 қазан күні түнгі сағат 02:30 шамасында түскен.

Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, әпкесі сіңлісін шомылдырмақ болып, абайсызда баланың үстіне қайнаған су төгіп алған. Бұл жексенбі күні күндіз болған. Дәрігерлер сәбидің денесінің 40 пайызын күйік шалғанын айтты.

"Оқиға болған кезде бала атасы мен әжесінің және тоғыз жастағы әпкесінің қарауында болған. Олар күндіз медициналық көмекке жүгінбеген, баланың анасы күйік туралы кешкі уақытта білген, ал түнде жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың биологиялық өлімін растады. Оның арқасын, аяғын 2-3 дәрежелі термиялық күйік шалған", - деп хабарлады Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Биыл облыстық балалар ауруханасына күйік шалған 530-дан астам бала түсті. Дәрігерлер осындай жағдай болғанда бірден көмекке жүгіну қажет екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу