Екібастұзда жарылған құбыр терезелерді сындырып, көліктерге зиян келтірді

1435

Қазіргі уақытта Екібастұзда магистральдық және квартал ішіндегі жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп жатыр.

Екібастұзда жарылған құбыр терезелерді сындырып, көліктерге зиян келтірді

16 тамыз күні кешке М.Әуезов көшесінің бойындағы № 36 және № 42 тұрғын үйлер арасындағы апат  болып, диаметрі 500 мм жер асты магистральды қайтармалық құбыржолы жарылған.

"Шақпақ тас жабынын шайып кету салдарынан 4 пәтердің тұрғынына және  мен М.Әуезов 36 көшедегі тұрғын үй ғимаратында орналасқан азық-түлік дүкенінің қожайынына зиян келіп, терезе жақтауларының әйнегі сынып, тұрғын үйлер су астында қалған. Бас инженер басқарған арнайы құрылған комиссия халықпен жұмыс істеуге және келтірілген шығын көлемін анықтауда", - деп хабарлады "Павлодарэнерго" АҚ.

Коммуналдық комиссия шығынның орнын толтыру үшін тексеру актісін жасады. 17 тамыздан бастап жылу желілерін жөндеу-құрылыс учаскелерінің қызметкерлері зиян келген пәтерлердің терезесін салуда. Сондай-ақ құбыр желісіне жақын орналасқан жерде тұрған үш көлікке де зиян келген. Көлік иелеріне келген шығынды полиция тіркеген. Автокөліктерді жөндеу шығынын "Павлодарэнерго" АҚ өз мойнына алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу