"Шахтер" мәдениет және демалыс саябағында өткен "Мемлекет. Символ. Патриот" патриоттық форумында Екібастұз әкімі жаңа акция ұйымдастыруды және балалар алаңын ретке келтіруді ұсынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Жасыл ел" жасақтарының сарбаздары үйлердің аулалары мен балалар, спорт алаңдарын бояйтын және оларды абаттандыру жұмыстарын жүргізетін "Жүз аула, жүз үй" қалалық акциясын іске қосуды ұсынамын. Барлық "Жасыл ел" сарбаздары жақсы жұмыс істеп, қаламыз көркейе түседі деп үміттенемін. Өйткені, шынайы патриотизм бұл нақты атқарылған іспен дәлелденеді", – деді ол.
"Жасыл ел" қалалық штабының мүшелері велосипедтерге ие болды.
"Еңбек вахтасына "Жасыл елдің" төрт отряды – экологиялық, күзет, медициналық және арт-жасақ жұмылдырылады", – дейді Екібастұз жастар бастамалары орталығының директоры Диана Әбенова.