Екібастұзда желілерді қалпына келтіру жұмыстарына 300-ге жуық маман жұмылдырылған

440

Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, тағы 4-еуі резервте.

Екібастұзда желілерді қалпына келтіру жұмыстарына 300-ге жуық маман жұмылдырылған

Бұл – қаладағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штабтың жариялаған ақпараты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 298 адам және 53 техника жұмылдырылған.

Қазіргі таңда:

1) Сәтпаев көшесі 8/3 мекенжайында – кәріз жүйесін жылыту;

2) Мәшһүр Жүсіп көшесі 46 мекенжайында – жылу жүйесінен су ағызу;

3) Мәшһүр Жүсіп көшесі 42 мекенжайында – жертөлені жылыту;

4) Сәтпаев көшесі 8 мекенжайында – пәтерлерді тексеріп шығу;

5) Сәтпаев көшесі 8 мекенжайында – полиция бекетін жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

27 қарашадан бастап жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 48 көппәтерлі және 28 жеке үйде жылумен жабдықтау қалпына келтірілді. 28 тұрғын үй және 72 жеке үй, 3 білім беру нысаны және 1 әкімшілік ғимарат жылумен жабдықталмаған.

Екібастұздың жылыту пунктілеріне барлығы 213 адам орналастырылды. Оның 6-ауы – бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу