Екібастұзда жүк көлігі әйел мен баланы көлік қағып кетті. Оқиға 24 мамыр күні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, "ГАЗ" көлігінің жүргізушісі артқа қарай қозғалып бара жатқанда жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Зардап шеккен әйел қалалық ауруханадағы травматологиялық бөлімшеде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, ауырлық дәрежесі орташа деп бағалап отыр. Кішкентай баланың медициналық көмекке жүгінбегені айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу