Екібастұзда жұмысшы тоққа түсіп мерт болды

106

Жазатайым оқиға 5 тамыз күні темір жол стансасында болған.

Екібастұзда жұмысшы тоққа түсіп мерт болды Фото: ИА Диалог

Бұл туралы ақпарат жергілікті Instagram парақшаларының бірінде пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратта локомотив машинисі электр тогының соғуынан мерт болғаны айтылады. Оқиға орнына жедел қызметтер шұғыл түрде барған. 

Қайғылы оқиғаны еңбек инспекторлары растады.

"Кісі өліміне соқтырған қайғылы жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның қалай өрбігенін, себеп-салдарын анықтайтын боламыз", – деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Өңірлік жедел жәрдем стансасы аталған оқиға бойынша жедел жәрдемге шақырту түспегенін мәлім етті. Ал полиция тексеру іс-шараларымен еңбек инспекторлары айналысып жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу