Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше,18 желтоқсанда М.Жүсіп пен Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығының жануы туралы шақырту түскен. Өртті сөндіру кезінде коллектордан адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған фактіні 112 қызметкері растады, мәйіт жедел жәрдем бригадасына сараптамаға тапсырылды.
"Екібастұз қалалық полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу